Jas Abay

ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Бір баланың біліміне салынған үлес — үлкен болашақтың бастауы

Біз дайын дарындарды іздемейміз, балалардың бойындағы қабілетін ашуға көмектесеміз. Jas Abay-дағы екі жылдық оқу, ҰБТ-ға дайындық және баланың өзіне сенуіне мүмкіндік беретін орта.

Мектепте 144 оқушы оқиды; қолдау бағдарламасы жылына 44 орынға арналған.

Jas Abay
44орын жыл сайын қордың қолдау бағдарламасында
Жалпы бағдарламаға
  1. 1Соманы таңдау
  2. 2Бір рет не ай сайын
  3. 3Деректер мен құжаттар
  4. 4Төлем
Оқушы гранты
  1. 1Оқушымен танысу
  2. 2Шарттарды келісу
  3. 3Қорға аудару
  4. 4Жеке есеп

БІР ОҚУШЫҒА АРНАЛҒАН ГРАНТ

Бір мүмкіндіктің нақты құны

Айына 438 000 ₸ — оқу циклі бойы оқушыға қажетті ортаны қамтамасыз етудің жиынтық жоспарлы құны.

Ай сайын · 438 000 ₸
Ай сайын438 000 ₸
438 000 ₸ × 9,5
Оқу жылына4 161 000 ₸
Айлық шығынСомаҮлесі
Оқыту125 000 ₸28,54%
Тұру145 000 ₸33,11%
Тамақтану71 000 ₸16,21%
Тәрбие және даму42 000 ₸9,59%
Инфрақұрылым30 000 ₸6,85%
Психолог15 000 ₸3,42%
Тасымалдау10 000 ₸2,28%
Барлығы438 000 ₸100%

Сомалар қалай есептелді

Апталық бағдар: 438 000 ₸ ÷ 4,34 ≈ 100 922 ₸, 101 000 ₸-ге дейін дөңгелектелді. Бұл тек оқыту құны емес, толық қолдаудың шамамен алынған баламасы.

Оқу жылы: 438 000 ₸ × 9,5 ай = 4 161 000 ₸. Барлық сомалар жоспарлы; түпкілікті смета қормен келісіледі.

Дереккөз: Jas Abay-дың 2026 жылғы тамызға арналған ішкі басқарушылық калькуляциясы. Сомалар жоспарлы; түпкілікті смета мен төлем кестесі қормен келісіледі.

ҚОЛДАУ МӨЛШЕРІ

Кез келген үлес маңызды

Кемінде 1 000 ₸ соманы таңдаңыз. Келесі қадамда бір реттік немесе ай сайынғы қолдауды белгілей аласыз.

СІЗДІҢ ҚОЛДАУЫҢЫЗ

Қайырымдылық нақты мүмкіндікке айналады

Сапалы білім

Пәндік дайындық пен ҰБТ-ға арналған тереңдетілген оқу бағдарламасы.

Қауіпсіз орта

Оқуға, тұруға және бірге дамуға арналған қамқор мектеп ортасы.

Оқу құралдары

Кітаптар, материалдар және оқушыға қажетті білім ресурстары.

Тұлғалық даму

Менторлық қолдау, ізгілікті педагогика және болашаққа бағыт.

Қолдау туралы сұрақтар

Бағдарламаға қолдау мен оқушы грантының айырмашылығы қандай?

Бағдарламаға қолдау жалпы білім беру шығындарына арналған. Нақты оқушыға грант беру қормен жеке келісіледі. Жалпы жарна оқушының есептегішіне автоматты түрде қосылмайды.

Сайтта қазір төлеуге бола ма?

Онлайн төлем мен карта бекіту әлі қосылмаған. Формалар болашақ рәсімдеу тәртібін көрсетеді: өтінім жіберілмейді, ақша алынбайды. Банктік аударым үшін төменде қордың ресми реквизиттері берілген.

Ай сайынғы қолдау қалай жұмыс істейді?

Сома мен мерзімділік алдын ала таңдалады. Тұрақты төлемдер төлем компаниясы қосылып, тоқтату тәртібі бар шарттар жарияланғаннан кейін іске қосылады. Қазір жазылым рәсімделмейді.

Оқушының есептегіші нені білдіреді?

Жоспар — оқу жылына арналған бағдарлы сома. Жиналған қаражат қор тексерген деректер болғанда ғана көрсетіледі. «Дерек нақтылануда» деген жазу нөлдік жинақты емес, расталған соманың әзірге жоқ екенін білдіреді.

Ата-аналардың келісімхаттары қайда?

Карточкада келісімхаттың алынғаны ғана көрсетіледі. Қол қойылған құжаттар, ата-аналардың байланыс деректері мен қолдары жарияланбайды.

Құжаттар мен есептерді қайдан көруге болады?

Құпиялық саясаты мен дербес деректерді өңдеуге келісім «Құжаттар» бөліміне шығарылған. Әзірге бекітілген мәтін күтілуде. Қаржылық есептер қор дайындап, бекіткеннен кейін жарияланады.

Құжаттарды ашу
РЕСМИ РЕКВИЗИТТЕР · Барлығын көшіру

РЕСМИ РЕКВИЗИТТЕР

Қолдауды қордың ресми шотына аударыңыз

Төлем мақсатына «Jas Abay оқушыларын қолдау» деп көрсетіңіз. Аударым алдында деректерді мұқият тексеріңіз.

ЖСК (шот нөмірі)
KZ2296503F0009562728
Банктің БСК
IRTYKZKA
Филиал атауы
Астана қаласындағы «ForteBank» АҚ филиалы
БеК
17
Қаражат алушы
Общественный фонд «KIT MIRAS FUND»
БСН
200240033827
KIT MIRAS FUND қорының заңды мекенжайы
010000, Қазақстан, Астана, Есіл ауданы, Ұлы Дала көшесі, 59-үй, 47-пәтер
Қор басшысы
Берик Асембаев
Шот валютасы
KZT