Jas Abay мектебінің оқушылары мен ұстазы

ҚОРДЫҢ МАҚСАТЫ

Ауыл балаларын жыл сайын жоғары оқу орындарына грантқа түсуге дайындау

Біз оқушылардың білім алуын, тұруын және дамуын өз мойнымызға аламыз. Мектепте 144 оқушы оқиды, қордың қолдау бағдарламасы жылына 44 орынға арналған. Қолдау артқан сайын орын саны көбейеді.

ҚОР МИССИЯСЫ

Ауыл балалары сапалы білім алып, таланттарын ашып, жоғары оқу орындарына грантқа түсіп, жасампаз тұлға болып қалыптасуы үшін адамдар мен ресурстарды біріктіру.

Jas Abay үшін қайырымдылық қаражатын «KIT MIRAS FUND» қоғамдық қоры қабылдайды, БСН 200240033827. Реквизиттер

Jas Abay жобасының тарихы

Барлығы жеті оқушыдан басталды

Ауыл балаларына қолдау көрсету бастамасы білім мен тәрбие арқылы олардың қабілетін ашып, болашағын құруға көмектесетін мектепке айналды.

2021

Алғашқы жеті оқушы

Жоба ауылдан келген жеті оқушының басын қосып, оларға бірге білім алуға және бірге тұруға мүмкіндік берді.

2023

Мектептің ашылуы

Білім, даму және қолдау кеңістігі — Jas Abay мектебінің ашылуы жобаның маңызды кезеңі болды.

Бүгін

Балаларға көбірек мүмкіндік

Jas Abay дамуын жалғастыруда: бүгінде мектепте 144 оқушы білім алады. Оқыту мен тәрбие «Ақыл — Қайрат — Жүрек» құндылықтарына негізделген. Мектеп ауданы 800 м² болатын екі қабатты ғимаратта орналасқан.

ОҚУ ФОРМАТЫ

Түлекті ЖОО-ға түсуге ғана емес, өмірге дайындаймыз

10–11 сыныптарға арналған екі жылдық бағдарлама Абай мен Мағжан Жұмабаевтың мұрасына және ізгілікті педагогика қағидаттарына негізделген.

«Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек» — Абай

АҚЫЛ · БІЛІМ

ЖОО-ға түсуге тереңдетілген дайындық

Мықты пәндік негіз, жеке оқу траекториясы және нақты мақсат — грантқа түсу.

«Ғылым таппай мақтанба» — Абай

ЖҮРЕК · ИЗГІЛІК

Ізгілікті педагогика және Абай мұрасы

Құрмет пен сенімге негізделген мектеп мәдениеті, музыка, «Қара сөздер» және толық адам идеалы.

«Адам бол!» — Абай

ҚАЙРАТ · МІНЕЗ

Ерік, спорт және дербестік

Спорт секциялары, күн тәртібі және жауапкершілік. Оқушылар мақсат қоюды және өз жолын табуды үйренеді.

«Ерік-жігер жағдайдан күшті»

ОРТА · ҚАУЫМДАСТЫҚ

Бірге өсетін қауымдастық

Оқу, тұру және достық үшін қауіпсіз орта — қасыңда әрқашан сенімді ересектер бар.

«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!» — Абай
жылына 44 орын2 жыл оқуотбасы үшін 0 ₸
Нәтижелер

Түлектердің жетістігі — ортақ еңбектің нәтижесі

Нәтижелер жобаның барлық кезеңін қамтиды: 2023 жылы өз мектебі ашылғанға дейін оқушыларға басқа мектептерде білім алуға қолдау көрсетілді.

Оқу жылыТүлекЖОО гранты
2021–202218100%
2022–202336100%
2023–202430100%
2024–202550100%
2025–202675100%
Түлектер мен фотоларТолығырақ көру
Түлектер

АТТЕСТАТ ТАБЫСТАУ СӘТІ

Мектептен басталған үлкен жол

Әр аттестаттың артында еңбек, ұстаз сенімі және жаңа өмірге жасалған батыл қадам бар.

Үміткерлер динамикасыТолығырақ көру
Қызығушылық

ҮМІТКЕРЛЕР ДИНАМИКАСЫ

Ауыл балаларының сұранысы жыл сайын артып келеді

2023–2026 жылдары үміткерлер саны 300-ден 1 600-ге дейін өсті — шамамен 5,3 есе.

2023
300
2024
800
2025
1,300
2026
1,600
2027
1,800
* 2027 жылғы көрсеткіш — жоспарлы меже.
Презентация және құжаттарТолығырақ көру

JAS ABAY ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ

Мектептің идеясы, моделі және болашағы

Қазақ тіліндегі 13 слайдтық қысқаша презентация.

Команда

НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫЛАР

Бимов Дәурен Оралсынұлы
Бимов Дәурен ОралсынұлыНегізін қалаушы
Бақтажаров Асанали Серікбекович
Бақтажаров Асанали СерікбековичБасқарушы серіктес

МЕКТЕП КОМАНДАСЫ

Бір мақсатқа жұмылған жандар

Мектептің күнделікті жұмысын, оқу үдерісін және балалардың дамуын бірге алып жүретін команда.

Jas Abay мектебінің командасы

ҰСТАЗДАР ҰЖЫМЫ

Білімге жол ашатын жандар

Тәжірибелі ұстаздар мен қамқор менторлар әр оқушының жанынан табылады.

KIT Ecosystem
DOSLIFE
MyComp
Status Management Group
Демеуші логотипі
ANBI Group
ТОО O'Azamat GroupO’Azamat Group ЖШС
AYKUN Hotel
Техосмотр Z
Life Cor
Центр МСБ Ерлан & Ерке
GAYAZ Brand

БІРГЕ МҮМКІНДІК ЖАСАЙЫҚ

Ауыл баласының үлкен арманына қолдау көрсетіңіз

Сіздің көмегіңіз сапалы білімге, қауіпсіз ортаға және жаңа болашаққа жол ашады.

Оқушыларды қолдау